Туған күн ерекше күн әрбір жанға Жан досымды асықтым мен құттықтауға Бар бақытты тіледім бір өзіңе Армандарың орындалсын бұл өмірде Денсаулығың мықты боп әрқашанда Жүре берші жадырап ортамызда Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!! Пусть расцветает твоя жизнь как тюльпан, Пусть поднимется настроение твое как вода. Пусть зло никогда не травит твою душу, Живи долго да счастливо всегда. Тұлпардай зула топ жарып, Сәулесі түсер – бол жарық. Бақыт кеп қонып басыңа, Жамандық өтсін айналып. Қиындықтардан ықпағын, Туыңды қолдан жықпағын. Мен үшін бақыт қашанда, Бәйгеден озып шыққаның. Жалғыздың үні шыққан ба, Сіңеді сағым бұлттарға. Тірлікте тіреу болатын, Достыққа жетер күш бар ма? Досым, саған тілеймін Денсаулықты темірдей, Ұзақ жолды өмірдей, Жүрсін қайғы сезілмей, Жүрек жүрсін езілмей, Ғашығың жүрсін көз ілмей, Әр күнің бақыт кезіндей, Шарпысын бұлақ көзіндей, Дос болсын темір төзімдей, Сылдыра сылқым сезімдей, Жан жарың болсын өзіңдей, Өмірді сүр безінбей, Мәртебең өссін көз ілмей!

Теги других блогов: счастье дружба жизнь